• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қыркүйек, 2023

Елімізде Орталық Азиядағы жетекші оқу орындарының филиалдары ашылады

227 рет
көрсетілді

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне арнайы тоқталған Қазақстан Президенті өңірдегі демографиялық өсімнің орнықты екенін ескергенде, білім және ғылым саласындағы байланыстарды кеңейтудің маңызы арта түсетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерімен жоғары оқу орындары арасындағы өзара ықпалдастықты белсенді түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қырғызстанда Қазақстанның жоғары оқу орындарының филиалдары ашылғанын еске салып, қазір Тәжікстанның жоғары оқу орындары базасында бірлескен факультеттер ашу ісі қарастырылып жатқанын жеткізді, Қазақстан мен Өзбекстанда екі елдің жетекші университеттерінің филиалдарын ашу көзделіп отырғанын да тілге тиек етті.

«Бұл маңызды саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге біздің Душанбедегі кездесуіміз аясында 2-ші Ректорлар форумы мен Орталық Азия елдері ғалымдарының 1-ші форумын өткізу өз септігін тигізеді», деп қосты Мемлекет басшысы.