• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қыркүйек, 2023

Орталық Азияда көлік байланысы нығаяды

286 рет
көрсетілді

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға іс-сапары аясында Көлік министрі Марат Қарабаев  Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

«Душанбе қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуі шеңберінде Марат Қарабаев пен басқа мемлекеттерден келген көлік саласына жауапты ведомстволарының басшылары ОА-да жер үсті көлігінің өзара байланысын нығайту туралы көпжақты келісімге қол қойды. Келісім Орталық Азия өңірінде жер үсті көлігімен халықаралық тасымалдарды дамыту үшін одан әрі қолайлы жағдай жасау және көлік қызметтері нарығында бәсекелестік ортаны қамтамасыз етуді көздейді», делінген ақпаратта.

Алдағы уақытта келісімді ратификациялау бойынша  жұмыстар қолға алынады.

Жиында  Орталық Азия  мен басқа мемлекеттер арасындағы сауда байланысы, көлік қатынасының мәселесі талқыланды. Сондай-ақ  көлік логистикалық қызметтерді нығайтып, өндіріс қуатын арттыруға серпін беретін Душанбе коммюникесіне қол қойылды.