Президент Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысында суды барынша үнемдеу үшін цифрлық технологияларды енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Цифрлық технологияларды енгізу арқылы суды барынша үнемдеу мәселесі өте өзекті. Бұл біздің су ресурстары жөніндегі ынтымақтастығымыздың негізгі бағыты бола алады. Жуырдағы Жолдауымда мен су мәселесіне ерекше назар аудардым. Менің тапсырмам бойынша Қазақстанда осы саланың өзекті мәселелерімен тікелей айналысатын жеке ведомство – Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Барлық көршілес мемлекеттермен конструктивті қарым-қатынас жасаймыз деп сенемін», деді Мемлекет басшысы.