• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қыркүйек, 2023

Үш адамды өлтірген күдікті ұсталды

314 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері анасын кәмелетке толмаған екі баласымен бірге өлтіріп, олар тұрған үйді өртеп жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды  Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы  Бауыржан Әленов  жедел-іздестіру шарасы кезінде 1982 жылы туған Алматы қаласы, Зерделі ықшам ауданында тұратын күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты.

«Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті қылмысты жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген». деді Б.Әленов.

14 қыркүйекте Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылындағы өртенген үйден  әйел мен кәмелет жасына толмаған екі баланың мүрдесі табылған болатын.

Соңғы жаңалықтар