• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2023

Қордың өңірге көмегі

230 рет
көрсетілді

Өңірді өркендету үшін қандай көмек болса да артық емес. Ұлытау облысы құрылғалы «Қазақстан халқына» қорымен тығыз байланыс орнатылды. Соның нәтижесінде облыста аталған қордың қолдауымен көптеген жұмыс атқарылды. Қор төрағасы Болат Жәмішев жуырда аймаққа арнайы келіп, облыс басшылығымен, депутаттар, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен дөңгелек үстел басында кездесті.

Қор басшысы бұған дейін де өңірге ат басын тіреп, жаңа облысқа қор тарапынан қандай көмек көрсету керек екенін пысықтап кеткен еді. Енді міне екінші мәрте келген сапары барысында ол «Қазақстан халқына» қорының облыс аумағында жүзеге асырған жұмыстарына тоқталып және жоспарланған жобаларды таныстырды.

Шынында да қордың аймаққа тигізіп жатқан көмегі көп. Мысалы, өңір­лік меди­цина­лық мекемелерді офталь­мо­ло­гиялық жаб­дықтармен қамтамасыз ету аясында Жез­қаз­ған қаласының көп­салалы ауруха­насына жалпы сомасы 4 млн теңгеге диагнос­ти­калық лин­залар мен офтальмоскоптар сатып алын­ған еді. Енді алдағы уақытта балалар ней­рохирургиялық қызметін дамыту мақ­са­тында Облыстық көпбейінді ауруханасына 32 млн теңге мөлшерінде заманауи медициналық құрал-жабдықтар жеткізілмек.

Халықтың белгілі бір бөлігін әлеу­мет­тік қолдау тұрғысында да қордың жә­р­демін сезініп жатқан жандар жет­кі­лікті. Айталық, осыған дейін қор қара­жа­тына құны 17,2 млн теңге тұратын 3 ин­новациялық протез берілген еді. Алдағы уақытта қор облыста Жезқазған қаласының «Қарлығаш» соматикалық сана­ториінің және Жаңаарқа ауданының ор­талық аудандық ауруханасының не­­гі­зін­де 2 оңалту орталығын ашып бе­ру­ді жоспарлап отыр. Мұндай көмек облыстағы денсаулық сақтау мәселе­ле­ріне қатысты түйіндерді біршама тар­қа­та­тыны сөзсіз.

Қордың көмегі арқылы Ұлытау облысында 8 мектепте жалпы сомасы 28,8 млн теңгеге робототехника кабинеттері ашы­лып, робототехниканы зерделеуге арнал­ған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталды. Мектептерге көмек көрсетудің екінші кезеңінде «Бо­ла­шақ инженерлер моноқалаларда» бағ­дар­ламасы бойынша 45 млн теңгеге 10 мектеп жабдықталады.

Халықтың әлеуметтік осал топта­ры­ның студенттеріне айтарлықтай қолдау көрсе­тілді. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған уни­верситетінің 19 студенті қордың білім беру грантының иегері атанған.

– Біз қордың мүмкіндігін Ұлытау облы­сындағы өзекті мәселелерге бағыт­тау арқылы аймақтың дамуына өз үлесі­міз­ді қосуды мақсат етіп отырмыз. Де­мек, облыс пен «Қа­зақстан халқына» қоры арасындағы байланыс нығая тү­се­ді, – деді Болат Бидахметұлы.

 

Ұлытау облысы