• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 18 Қыркүйек, 2023

Мемлекет басшысы Rio Tinto компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады

187 рет
көрсетілді

Кездесу барысында геологиялық барлау, тау-кен және металлургия өнеркәсібінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Rio Tinto компаниясының еліміздегі қызметінің аясын кеңейту жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Якоб Штаусхольм Қостанай және Қарағанды облыстарындағы мыс кен орындарына геологиялық барлау жүргізу жобасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы жоғары технологияларды дамыту үшін бүгінде сұранысқа ие маңызды минералдар мен шикізаттың елімізде мол қоры бар екенін атап өтті. Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын ұлғайту, жаңа кен орындарын ашуды жеңілдететін үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін шаралар қабылдап жатыр.

Rio Tinto – нарықтағы құны 99 миллиард долларды құрайтын, тау-кен өндірісі және металлургия саласындағы ірі ағылшындық-австралиялық компания. Негізгі активтері Австралияда (35%), Канадада (34%), Европада (13%) және АҚШ-та (11%) шоғырланған.

Rio Tinto компаниясы темір рудасын, алюминий, мыс, боксит, алмаз, уран және өнеркәсіпке қажетті басқа да минералдар өндірумен айналысады.