• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Қыркүйек, 2023

Бақташы емес, баукеспе болып шықты

420 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында бақташы  қожайынның сеніп тапсырған малын сатып, өз мақсатына пайдаланған, деп хабарлайды Egemen.kz  облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысы, Қазалы аудандық ауыл шаруашылық мекемесінің басшысы  келе-келе түйесін бақтыру үшін бақташы жалдайды. 53 бас түйесін санап өткізген қожайын арада біршама уақыт өткенде 21 бас түйесінен көз жазып қалғанын айтып аудандық полиция бөліміне арызданады.

«Тексеру жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері бұл жайтқа бақташының қатысы бар екенін анықтады. Қылмысқа күдіктелген бақташы малдардың көп бөлігін иемденіп, сойып, етін сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жалпы, жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 9 миллион теңгеден асты. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», делінген хабарламада. Мал ұрлығына қатысты оқиғаның мән-жайы нақтыланып,  күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады енді.