• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2010

АСТАНА – ЕЛІМІЗ ӨРКЕНДЕУІНІҢ СИМВОЛЫ

691 рет
көрсетілді

“Нұр Отан” ХДП Парламентаризм институтының бастамасымен “Астана – дамушы еуразиялық ықпалдастықтың нышаны” тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Онда еуразиялық ықпалдастықтың орталығы, Қазақстанның гүлденуінің символы ретінде Астананы қалыптастыру және алға жылжыту, елорданы насихаттау мәселелері қаралды. Астана бүгін Қазақстан үшін болашаққа талпынудың символы, таңдаған стратегиялық жоспар­ла­рымыздың тиімділігінің символы. Астана – бұл елдің табысты түр­де дамуының жарқын мысалы, деді шараға қатысушылар. Мемлекет басшысы Н.Ә.На­зарбаев: “Астананың тарихы – бұл біздің тәуелсіздігіміздің та­рихы деген болатын”. Астана – қазақстан­дық­тардың бірігуі мен әлеуметтік ық­пал­дасуының сим­волы. Респуб­ли­ка­ның барлық этностары мен кон­фес­сиялары өкілдерінің бейбіт өмір сү­руі мен өзара құрметі біздің еліміз­дің же­тістігіне айналды. Әлемдік қо­­ғам­дастық егеменді Қазақ­стан­ның осы дамуға ұмтылысына құр­мет­пен қарайды. ЮНЕСКО-ның Ас­тананы “Бейбітшілік қаласы” деп танығанының үстіне, Қазақстан­ның серпінді дамушы еуразиялық мемлекет ретінде халықаралық имид­жін қалыптастырудағы елор­даның үлесі туралы әлемдік дәре­же­дегі саясаткерлер жиі мәлімдеп жүр. Аталған іс-шара Астананы еліміздің гүлденуінің жарқын бей­несі ретінде қалыптастыру мен алға жылжытудың өзекті мәселелері бойынша қоғамдық диалогты қамтамасыз етуге, Еур­азия­лық одақ құру туралы Елба­сы идеясын қолдауға, еуразиялық ықпалдастықтың орталығы ретінде Астананың бейбітшілік сүй­гіш және біріктірушілік функ­цияларын ашуға, ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстанның бастамала­рын алға жылжытуға арналды. Дөңгелек үстелдің жұмысына Парламент депутаттары, мемле­кет­тік органдардың, мәслихат­тар­дың, Қазақстан халқы Ассам­блея­сының, саяси партиялардың, халықаралық ұйымдардың, аза­маттық қоғам институттарының өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, сондай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. “Егемен-ақпарат”.