• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:35

6 ақпанда республика бойынша қай жолдар жабық?

10 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 6 ақпандағы автомобиль жолдарының жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

6 ақпан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожолдарда қозғалыс ашық:

Ұлытау облысы

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 433-750 км (Жезқазған қ. – Жаңаарқа);

«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 24-137 км (Сәтбаев қ. – Ұлытау ауылы).

Қарағанды облысы

«Астана – Қарағанды (айналып өту жолымен) – Алматы» автожолы, 164-198 км (Теміртау БӨП – Қарағанды қ.).

Солтүстік Қазақстан облысы

«Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Бидайық өткізу бекеті)» автожолы, 85-280 км (Чкалов ауылы – Бидайық кенті).

Жабық жолдар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

Павлодар облысы

«Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолы, 0-231 км (Қарағанды обл. шекарасы – Қалқаман кенті);

«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар –  РФ шекарасы (Урлютөбе)» автожолы, 191-390 км (Мичурино ауылы – РФ шекарасы);

«Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы (Амангелді)» автожолы, 0-263 км (Атамекен кенті – РФ шекарасы);

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Қосақ)» автожолы, 254-415 км (Атамекен кенті – Шідерті кенті);

«Қызылорда – Жезқазған– Қарағанды – Шідерті» автожолы, 1135-1206 км (Қарағанды обл. шекарасы – Шідерті кенті);

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 200-254 км (Ақмола обл. шекарасы – Шідерті кенті).

Ақмола облысы

«Астана – Қабанбай батыр – Нұра– Теміртау» автожолы, 16-51 км (Қосшы қ. – Қарағанды обл. шекарасы);

«Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолы, 18-232 км (Астана қ. – Щучинск қ.);

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 16-200 км (Астана қ. – Павлодар обл. шекарасы);

«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ)» автожолы, 16-347 км (Астана қ. – Жақсы кенті);

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 30-92 км (Жібек жолы БӨП – Қарағанды обл. шекарасы);

«Астана – Қорғалжын (Қорғалжын қорығына кіреберісімен)» автожолы, 19-124 км (Астана қ. – Қорғалжын кенті).

Қарағанды облысы

«Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолы, 51-101 км (Ақмола обл. шекарасы – Нұра кенті);

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 92-164 км (Ақмола обл. шекарасы – Теміртау БӨП);

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 248-592 км (Атамекен ауылы – Балқаш қ.);

«Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Богас» автожолы, 17-217 км (Қарағанды қ. – Қарқаралы қ.);

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 970-1135 км (Қарағанды қ. – Павлодар обл. шекарасы);

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 788-906 км (Ұлытау обл. шекарасы – Топар ауылы).

5 ақпанда ауа райы қандай болады? Ақтөбе облысы

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 776-965 км (ЭКО ойл ЖҚС – Қарабұтақ кенті);

Қарабұтақ кенті – Қызылорда облысының шекарасы 965-1240 км;

Қызылорда облысы

аталған автожолдың 1240-1806 км (Ақтөбе обл. шекарасы – Қызылорда қ.);

Қызылорда қаласы – Бесарық ауылы 1806-2047 км.

Ұлытау облысы

«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 750-788 км (Жаңаарқа кенті – Қарағанды обл. шекарасы).

Жетісу облысы

«Алматы – Талдықорған – Өскемен– Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 561-615 км (Үшарал қ. – Абай обл. шекарасы).

Абай облысы

Жетісу облысының шекарасы – Аягөз қаласы 615-768 км;

«Таскескен – Бақты (ҚХР шекарасы)» автожолы, 0-75 км (Таскескен – Үржар);

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 592-750 км (Балқаш қ. – Жамбыл обл. шекарасы);

«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолы, 910-1002 км (Қалбатау – Көкпекті).

Шығыс Қазақстан облысы

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 1013-1062 км (Абай обл. шекарасы – Рубеж бекеті).

Сонымен қатар, Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың арқалық құрылымдары зақымдалуына байланысты «Қалқаман» жолайрығы (Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу) уақытша жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында таулы аймақтың күрделі жағдайына байланысты Осинов асуында 46-66 км аралығында (Солтүстік ауылы – Серебрянск қ. бұрылысы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Синоптиктердің мәліметінше, Шымкент қаласы мен Түркістан облысында ауа райы күрт өзгереді. Көктемге ұқсас жылы күндерден кейін жауын-шашын, көктайғақ және қатты жел күтіледі.

Ауа райының қолайсыздығы: Қай өңірлерде жолдар жабылды?

Соңғы жаңалықтар