• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Басылым 19 Қыркүйек, 2023

Академиялық көптомдық әзірлігі пысықталды

172 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Ежелгі кезең­нен қазіргі уақытқа дейін­гі Қазақстан тарихы» акаде­миялық көптомдық басылымын дайындау мәселесі бойынша кезекті кеңес өткізді.

Қазіргі заман ғылым талабына сай Қазақстанның көптом­дық тарихын әзірлеу Президент­тің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көтерілгені бар­шаға аян.

Отырыс барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұр­бек пен жаңа академиялық басылым томдарының жетекшілері – Ә.Мар­­ғұлан атындағы Археоло­гия инсти­тутының бас директоры Ақан Оңғар, Ш.Уәлиханов атын­дағы Тарих және этнология инс­ти­туты­ның директоры Зиябек Қа­­был­динов, Р.Сү­лейменов атын­­дағы Шығыстану ин­с­титуты жанындағы Тарихи мате­риал­­дарды зерттеу бойынша респуб­ликалық ақ­па­раттық орталы­ғы­ның директоры Меруерт Әбу­сейітова Мемлекет­тік кеңесшіге Президенттің Ұлттық құрылтайдың II отырысында қойған міндеттерінің орындалуы туралы баяндады.

Ерлан Қарин отырыстың қорытын­дысында Қазақстан тарихының жаңа академиялық көптомдық басылымын дайындау жұмысының алдағы бағыттарын айқындап берді.