Мемлекет басшысы АҚШ-қа жұмыс сапарын ресми түрде аяқтады. Президенттің БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзі инвесторлар, басқа мемлекеттер басшыларымен кездесулерінің қорытындысы деуге болады.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кімдермен кездескені назар аудартады. Олар: Иран, Финляндия, Мажарстан, Португалия, Оңтүстік Корея, Кения президенттері. Мұндай кесте де рәмізді сипатқа ие екені анық. Президент өз сөзінде орта деңгейдегі мемлекеттердің дауыстары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі деңгейінде көбірек естілуі керек екенін ерекше атап өтті.
Пандемиядан кейінгі әлемдегі алпауыт елдердің поляризация жағдайы бізге көбірек зиян тигізіп отыр. Шиеленіс салдарынан жеткізу тізбегі бұзылып жатыр. Сәйкесінше, олар сауда саясатын өзгертуге мәжбүрлеуде. Сонымен қатар үлкен соғыс қана емес, нақты ядролық соғыспен байланысты экзистенциалды қауіп бар. Менің ойымша, осы түні Президент кейінгі күндері сөйлескен барлық әріптестері не ойлайтынын жеткізді.
Энергия ресурстары бағасының өсуі бізге тактикалық тұрғыдан тиімді, жаһандық ынтымақтастық моделінің бұзылуы шығындардың өсуіне және ықпалды орталықтар арасындағы ынтымақтастықтың төмендеуіне әкеледі. Қазір АҚШ пен ҚХР энергияға ауысу бойынша диалог құра ала ма? Ашып айтқанда, экономикалық әлеуеті басым елдердің позициясы өзге табысы аз мемлекеттердің тағдырына әсер етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінде болып жатқан жағдайға жауапкершілік және дипломатиялық үнсіздіктегі жауапсыздық мәселесі көтеріледі.
Ағымдағы мүдделерге байланысты стратегиялық басымдықтар екінші орынға түседі. Президент сөзіндегі тағы бір маңыздысы – көп нәрселер тікелей қауіп төнген кезде ғана шешіледі, бірақ бұл сәтте бәрі кеш. Тіпті пандемияның өзі белгілі бір кезеңде геосаяси қаруға айналды. Оны манипуляция құралы ретінде қолданды. Вакцина нарығында сауда тартысы болды. Салдарынан қауіпсіздік мәселесі, дәрі-дәрмекке қол жеткізу қиындады.
БҰҰ халықаралық қатынастарды реттейтін институт ретінде реформаны қажет ететіні бұрыннан белгілі. Әлемдік тәртіп көбінесе басқалардың үстемдігіне тым құмар азуын айға білеген елдер ғана емес, сонымен қатар жаһандық тұрақтылыққа қызығушылық танытқан тым кедей, бай емес – орта деңгейдегі мемлекеттерге иек артуы керек. Өсіп келе жатқан әлемдік инфляция бізді көбірек алаңдатады. Өйткені біз өз әл-ауқатымызға зиян келтіре отырып, үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделуге мәжбүрміз. Осы орайда ірі мемлекеттердің тұрақсыз қатынастарына қарсы тұру үшін БҰҰ-дан тыс бірыңғай келіссөздер үстеліне жиылуға тым көппіз.
Реформа мәселелеріндегі халықаралық саясаттың қарқыны тым баяу екені түсінікті. Ал соғыстар мен шиеленістер әлдеқайда жылдам өріс алып келеді. Бірақ Мемлекет басшысының қаузаған мәселелері үлкен бір үдерістің басталуымен байланысты және онда көптеген мемлекеттің, олардың халықтарының мүддесі бар.
Никита ШАТАЛОВ,
Мәжіліс депутаты