• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Пікір 20 Қыркүйек, 2023

Ұйымның рөлі айрықша

214 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке сапары барысында осы аптаның басты оқиғасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сес­сия­сының жалпы пікірсайыстарына қатыс­­ты. Пре­зидент өз сөзінде халықаралық инс­­ти­тут­тарға негізделген жаһандық бас­қару­дың қол­даныстағы жүйесін тұрақтан­дыру үшін диалог пен дипломатияның маңызын атап өтті.

Кездейсоқ дағдарыстар мен жүйелі қиын­дық­тарға қарамастан, БҰҰ және оның агенттік­тері халықаралық қатынастар жүйесінің институ­ционалдық негізінің өзегі саналады. Қазіргі таңда БҰҰ-ға әлемнің мойындалған мемлекеттері мүше. Оның Жарғысы халықаралық құқықтың бар­лық қолданыстағы жүйесін құрайды.

Мемлекет басшысы ұлы державалар арасын­дағы текетірес пен қақтығыстардың өршуі­не халықаралық құқықтың іргелі қағи­даттарының әлсіреуі себеп болғанын атап өтті. Мұның алдын алудың бір жолы – БҰҰ-ның орталық органы Қауіпсіздік Кеңесін реформалау. Қазақстан бұл үдерісті «орта державалар» мен дамушы елдердің рөлін күшейту арқылы жүзеге асыруды көздейді. Мұндай пікірді басқа да көшбасшылар, соның ішінде Германия канцлері мен Жапония Премьер-министрі қолдады.

Еліміз жаһандық ядролық қарусыздану күн тәртібіндегі көшбасшы рөлінен айныған емес, халықаралық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруға ниетті. Мемлекет басшысы Алматыда Орта­лық Азиядағы климаттың өзгеруі және жасыл энергетика бойынша жобалық кең­сесін және БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауған­станға арналған өңірлік орталығын іске қосу бойынша бірқатар нақты бастама көтерді. Сондай-ақ 2026 жылы елімізде БҰҰ-ның аймақтық климаттық саммитін өткізуді жоспарлап отырмыз. Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құруды жақтаймыз.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамб­леясы­ның сессиясы аясында 11 мемлекеттің басшы­лары­мен екіжақты кездесу өткізді. Бұл келіссөз­дер серік­тестермен стратегиялық қарым-қа­ты­нас­­­тарымыздың тиімді дамуына жол ашады. Мем­­лекетіміздің екіжақты және көпжақты ба­ғыт­­тағы белсенді сыртқы саясатымен қатар ұлт­тық даму мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді.

 

Мирас ЖИЕНБАЕВ,

Стратегиялық зерттеулер институты

Еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы