• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Қыркүйек, 2023

Екі апта хабар-ошарсыз кеткен екі жасөспірім табылды

1148 рет
көрсетілді

Жетісу облысында жоғалған оқушыларды іздеу жұмыстары соңғы екі апта бойы жүргізілген. Полицейлер мен еріктілер екі жасөспірімді іздеп тапты, деп жазады Egemen.kz.

15 жастағы Ақерке Жолдасованың және 16 жастағы Әмір Тергеуовтің Үштөбе қаласынан хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз Қаратал ауданының полицейлеріне 6 қыркүйекте жазылған екен.

Кәмелетке толмағандарды жаппай іздестіру жұмыстарын полиция қызметкерлері, олардың туыстары, мектептің педагогикалық ұжымы және еріктілер жүргізген.

«19 қыркүйекте із-түзсіз жоғалғандардың орналасқан жері анықталды. Екі мектеп оқушысы да Шымкент қаласында екені белгілі болды. Полицейлер кәмелетке толмағандарды Үштөбеге жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Екі жасөспірім де есен, дендері сау», деді Жетісу облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Журунов.