• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қыркүйек, 2023

Кімдер жекпе-жекке шығады?

260 рет
көрсетілді

Осы аптаның аяғында Қытайдың Ханчжоу қаласында алауы тұта­на­тын жазғы Азия ойындарына қаты­сатын Қазақстанның жекпе-жек шеберлерінің есімдері белгілі болды.

Каратэден өтетін жарыста сегіз спортшымыз сайысқа түседі. Олар: Токио Олим­пиадасының қола жүлдегері, Дүние­жүзілік ойындар мен Ислам ынтымақтастығы ойын­дарының жеңімпазы Софья Берульцева, әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Қай­сар Алпысбай, Нұрқанат Әжіқанов, Данияр Юлдашев, Азия ойындарының күміс жүл­дегері Дидар Әмірлі, Азия чемпионы Мөлдір Жаңбырбай, Әсел Қанай және Лаура Әлиқұл.

Джиу-джитсушылардың жарысында Әбдісамат Әшіров, Кәрім Иминжанов, Нұр­сұлтан Измұрзаев, Алман Қаршыға, Шохзод Ташполатов, Аян Тұрсын, Нұржан Батыр­беков, Руслан Исраилов, Әсемхан Исаханова, Мансұр Хабибулла, Әйгерім Қуатқызы, Адлан Мадаев, Дархан Нортаев, Олжас Нұртақанов, Назгүл Рахаева, Айдана Сәбитова, Ажар Салықова, Әлидияр Серік және Кристина Жұрабекова күш сынасады.