• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 22 Қыркүйек, 2023

Алтын белбеу үшін айқасады

233 рет
көрсетілді

Аралас жекпе-жектен жартылай орта салмақтағы UFC-дің чемпиондық белбеуі үшін айқас 16 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Өзінің чемпиондық атағын қорғап қалу үшін ұлыбританиялық Леон Эдварс аме­рикалық Колби Ковингтонмен күш сынасады. Ямай­када дүниеге келіп, кейіннен Тұманды Англияға қоныс аударған 32 жастағы Леон 26 рет октагонға шығып, 22 мәрте жеңіс тойын той­лады. 10 бәсекеде айқын басымыдық танытты. 3 рет жеңіліп, тағы бір кездесудің нәтижесі есептелмеді. Былтыр жазда Эдварс Камару Усманды нокаутқа жіберіп, алтын белбеуді иеленсе, биыл көктемде дәл сол Нигерия спортшысын ұпай санымен ұтып, өз атағын сәтті қорғады. 35 жастағы Колби де 24 кездесудің тек үшеуінде ғана есе жіберді. Тоғыз мәрте айқын басымдық танытты. Алға­шында бразилиялық Варлей Элвистен жеңілсе, екі рет Камру Усманға жол берді. Міне, енді Ковингтон қайта чемпиондық тәж үшін таласпақ.

Дәл осы салмақта Шавқат Рахмонов та өнер көрсетеді. 17 бәсекенің барлығында қарсы­ластарын есінен тандырған қазақтың қайсар ұлы қазіргі кезде UFC рейтингінде алтыншы орында тұр. Бұйыртса, келесі жылы «Номад» чемпиондық белбеуге таласады деп үміттенеміз.