• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Әскер 22 Қыркүйек, 2023

БҰҰ бағдарламасы бойынша даярланды

118 рет
көрсетілді

Еліміздің Қарулы күштерінің әскери қызметшілері БҰҰ-ның әскери бақылаушылар курсы бойынша даярлықтан өтіп жатыр. Үш апталық курс полигондағы практикалық сабақтармен аяқталады. Онда тыңдаушылар шабуыл, кепілге алу кезіндегі әскери бақылаушының іс-қимыл алгоритмін пысықтайды.

Сабақтар жауынгерлік қимыл­дарға барынша жақын жағдайда өтіп жатыр. Офицерлерді курстық даярлықтан өткізудің мақсаты – түрлі жағдайларды модельдеу және әскери қызметшілердің ішкі жағдайы тұрақсыз, дағдарыс­қа ұшыраған елдерде бітімгерлік мис­сияны орындау барысындағы күйзеліске төзімділігі мен әрекет ету қабілетін дамыту. Сонымен бірге әскери қызметшілер әуеден патрульдеу, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды табу, жаралыларды эвакуациялау, келіс­сөз жүргізу және т.б. тапсырма­ларды орындайды. Курстың бағ­дар­ламасын БҰҰ-ның әртүрлі елдер­дегі бітімгерлік миссияларына қа­тысқан тәжірибелі нұсқаушылар әзірлегенін айта кету керек. Үш ап­та­лық бағдарлама Бітімгерлік операциялар орталығының базасында апробациядан әрі бағалаудан өтеді.

Алдағы уақытта орталық тара­пынан Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­­ның сарап­шыларын курсты баға­­лауғ­а шақыру жоспарла­нып отыр. Егер бағдарлама мақұл­данып, курс аккредиттеуден өтер болса, бұл бізге Бітімгерлік опера­ция­­лар орталығының базасында ха­лықаралық деңгейдегі сертификат­талған әскери бақы­лау­шыларды даярлауға мүмкіндік береді.

Тыңдаушылар полигонға бармас бұрын офицерлердің әскери бақылаушы ретінде бітімгерлік міндеттерді ойдағыдай орындау даярлықтан қамтамасыз ететін пән­дер кешенінен өткенін айту керек. Әскери қызметшілер бітімгер­лік қызметті, әскери бақылаушы­ның мәртебесі мен міндеттерін, дағ­дарыс жағдайындағы іс-қимыл тәртібін реттейтін халықаралық заңнаманы, сондай-ақ жергілікті билік өкілдерімен, БАҚ-пен және қақтығысушы тараптармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды жан-жақты зерделеді.

Оқыту курсының қорытынды­сы бақылау-кешенді оқу-жаттығуы өтеді. Онда тыңдаушылар БҰҰ әс­кери байқаушыларының бітімгер­лік міндеттер кешенін орындап, оларды іске асырудың түрлі тәсілін қолданады.