• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Университет 22 Қыркүйек, 2023

Маңызды меморандум

98 рет
көрсетілді

Назарбаев университеті Корея энергетикалық технологиялар институтымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Енді екі университет­тің оқы­тушылары мен сту­денттері академиялық іс-шаралар, энер­гетикаға қа­­тысты салаларда алмасу бағ­дарламаларынан өте ала­­ды. NU президенті­нің мін­детін атқарушы, доктор Иле­санми Адесида жаһандық тұрақ­ты энергетикаға үлес қосу және жаңғырмалы энергия саласындағы серпінді ше­­шімдерді ілгерілетуге бұл ынтымақтастықтың ма­ңы­зы зор екенін атап өтті. На­зарбаев университеті құ­рыл­ғалы бері шетелдік және елдегі университеттермен серіктестікте энергетика­лық ресурстарды жақсартуға ба­ғытталған іргелі коммер­ция­лық әдістемелерді әзір­леп жүр. Осылайша, зертха­налары­ның қызметін дамыта отырып, тиімді даму­да қолданылатын физика, химия, материалтану, ақ­параттық технологиялар са­ла­­сындағы үздік ғылыми орта­­лықтардың біріне айна­луға ұмтылады.

Екі университет құн­дылығы мен мақсаты жа­ғынан ұқсас. Корея энер­гетикалық технологиялар институты болашақ энер­ге­тикалық зерттеулерге жетекшілік етіп, Оңтүстік Кореяның энергетикалық клас­терінің орталығына айналуды мақсат етеді. Кез­де­су барысында Оңтүстік ­Корея делегациясының бас­шысы, профессор Ду Сок Гван ­«Біз Назарбаев университеті ­мен KENTECH арасындағы ­өз­ара түсініс­тік туралы мемо­ран­дум­­ға қол қойылғаны­на қуаныш­тымыз. Меніңше, біздің уни­­верситеттердің стра­те­­гиялық сенімдерін­де ор­тақ көп нәрсе бар. Олар – инно­ва­цияларға, ха­­лық­­аралық да­муға және ын­­ты­­­мақтастыққа ұм­ты­ла­тын жаңа прогрессивті жо­ғары оқу орындары. Біз Назар­баев университетінің жоғары беделін, ака­де­мия­лық же­тіс­тіктерге де­ген ұм­тылысын көріп отырмыз», де­ген пікір айтты.