• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Үкімет 22 Қыркүйек, 2023

Бюро отырысы өтті

151 рет
көрсетілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов­тың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жал­пы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Жалпы отырыста депутаттарға ақпараттық қауіпсіздік мәселелері туралы заң жобасын талқылау ұсыны­лады. Заң жобасы Мәжіліс депутат­тарының бастамасымен әзірленген. Құжат дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды енгізуге, «дербес деректердің қауіп­сіздігін бұзу» ұғымын анықтауға және жеке басын куәландыратын құжаттардың қағаз көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салуды белгілеуге бағытталған. Заң жобасы 12 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Депутаттар алдағы жалпы отырыс­та Қазақстан мен Кипр ара­сын­дағы ұстап беру туралы шартты ра­тификациялау туралы заң жо­басын қарайды. Сонымен қатар Бюро отырысында «Халықтың шама­дан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты артты­ру туралы» мәселесі бойынша пар­ламенттік тыңдау өткізу жөнінде мәселе қаралды.