• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қыркүйек, 2023

Жәмила Бақбергенова – әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері болған тұңғыш қазақ қызы

650 рет
көрсетілді

Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында  Жәмила Бақбергенова  72 келі салмақта сынға түсіп, қола  медальді олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Белградтағы әлем чемпионатын Жәмила 8/1 финалдан бастап, алғашқы белдесуінде серб қызы  Фанни Нагиді айқын ұтты, ширек финалда ресейлік   Ксения Буракованы да жықты,  жартылай финалда  моңғолиялық  Даваанасан Энх Амарыннан аса алмады.  Қола медальға таласта поляк қызы  Ивона Стшалканы жеңді.

Жәмила  қыздар арасында әлем чемпионатынан үш  мәрте жүлде олжалаған  тұңғыш  балуан. Былтыр да осы Белград қаласында өткен әлем чемпионатында  күміс медаль иеленді, 2019 жылы Норвегия елі ұйымдастырған әлем чемпионатында да күміс медаль алды.