Болат Дембаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.
Болат Дембаев бұл лауазымға 2019 жылдың сәуір айында тағайындалған болатын.