• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қыркүйек, 2023

Жүргізушіге «Сергектен» келген айыппұл 6,6 миллион теңгеге жеткен

255 рет
көрсетілді

Түркістан облысының  полиция қызметкерлері   жол жүру ережесін бірнеше мәрте бұзып, төленбеген айыппұл сомасы 6,6 миллион теңгеге жеткен  көлік жүргізушісін анықтады,  деп хабарлайды Egemen.kz   облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Түркістан облысының полицейлері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен төленбеген 6,6 миллион теңге берешегі бар жүргізушіні анықтағанын облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев мәлім етті.

«Түркістан облысының патрульдік полиция батальон қызметкерлерінің планшеттеріне «Қорғау – қауіпті жүргізуші» мобильдік бағдарламасы арқылы төленбеген айыппұлдары бар Volkswagen Passat автокөлігі туралы ақпарат берілді. Тәртіп сақшылары ақпарат бойынша бірден іске кірісіп, аталмыш көліктің жүрген жерін анықтап, Шымкент – Самара тас жолында тоқтатты.

Тексеру кезінде бұл автокөлік иесі сот орындаушысының қаулысына сәйкес жалпы сомасы 6,6 миллион теңге   берешек екені анықталды.

Жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының 80 пайызы жылдамдық режимін бұзғаны үшін жазылған.

Тәртіп сақшылары көлік жүргізушісіне 6 миллион теңгеден асып жығылатын айыппұлды кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертті.