• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қыркүйек, 2023

Маңдай тердің өтеуі

272 рет
көрсетілді

Маңдай терін төгіп адал еңбек етіп жүрген адамдардың мерейін өсіріп, ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру жыл сайын «Еңбек жолы» конкурсын ұйымдастыру дәстүрге айналған. Мәртебелі мереке қарсаңында Қонаев қалалық Мәдениет үйінде аталған байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, еңбек ардагерлерін, өндіріс озаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым қатысып, жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады.

«Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек», деген болатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауында. Замандар тоғысып, ақпараттық алаң кеңейген тұста қоғамдық санада, өскелең ұрпақ бойында еңбек культін орнықтыру маңызды. Бүгінгі іс-шара осы мақсатта ұйымдастырылып отыр», деген әкім орынбасары жас­тарды жұмыспен қамту, қол­дау үшін облыста қолға алынған іс-шаралар тізбегін атап өтті.

«Жастардың бойында ең­­бек дағдыларын қа­лып­тас­­тыру, тә­жірибе жинақ­та­уы­на мүмкіндік жасау мақса­тын­да «Алғашқы жұ­мыс ор­ны», «Жастар тәжірибесі», «Ұрпақтар келісімшарты» жо­балары жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда өңірдің 331 жас азаматы  2,5 пайыздық мөл­шерлемемен шағын несие алды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 375-ке же­теді деп жоспарланған», деді әкімнің орынбасары.

Сондай-ақ ол салтанатты іс-шарада республикалық «Ең­бек жолы» конкурсының өңір­­­лік жеңімпаздарын ма­ра­­пат­тады. «Үздік еңбек әуле­­ті» аталымы бойынша Қо­наев қаласына қарасты Ар­на ауы­лындағы №11 орта мек­теп­тің мұғалімі Антонина Мық­ты­баеваға облыс әкімінің марапаты мен сертификатын табыс етті.

«Филип Моррис Қазақ­стан» ЖШС-ның оқыту өн­дірісі және инженерлер то­бының жетекшісі Айжан Жүні­сова «Өндірістің үздік жас маманы» аталымын же­ң­іп алса, «Мойнақ ГЭС» АҚ-ның кезек бастығынан ор­талық басқару пунктінде стан­са бастығына дейін өс­кен Думан Салимахунов «Жұ­мыс істейтін жастардың үздік тә­лім­гері» аталымының жеңім­пазы атанды.

Жастық жігер, білім-білігі­мен дараланып, өз саласының ү­здік­тері атанған бірқатар жас маман­ да бағалы сыйлық­тарға ие болды. Бұл күні есе­лі еңбек иеле­ріне эстрада жұл­дыздары ән-шашу тарту етіп, тамаша көңіл-күй сы­йлады.

 

Алматы облысы