• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қыркүйек, 2023

Құжаттарды рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынады

286 рет
көрсетілді

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жанабаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дактилоскопиялық тіркеу – бұл саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу.

«Міндетті дактилоскопиялық тіркеу елімізде 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. 12 жасқа дейінгі балалардан басқа, ҚР барлық азаматы мен Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер дактилоскопиялық тіркеуге жатады. 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар дактилоскопиялық тіркеуден ерікті негізде өтеді. Саусақ іздерін алу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәлікті, паспортты, шетелдіктің елде тұруға ықтиярхатты және азаматтығы жоқ адамның куәлікті ресімдеуі кезінде жүргізілетін болады», деді спикер.

Нұржан Жанабаевтың айтуынша, саусақ іздерін алу процесінен бас тартқаны жағдайда азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 443-1-бабына сәйкес жаза қолданылады.