Парламент Сенатының депутаты Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттігі тоқтатылды», делінген хабарламада.