Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл қорығының аумағына биылғы жылғы алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марқакөл қорығы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қар қыркүйектің 25-інен 26-сына қараған түні жауғанын жазды.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 26 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 2 градус аяз күтіледі.
Айта кетейік, Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың барлық аумағында түнде және таңертең тұман күтіледі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте және шығыста екпінді жел соғады.