• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Қыркүйек, 2023

Нұрлыхан Шархан Азиаданың қола медалін жеңіп алды

313 рет
көрсетілді

Ханчжоуда өтіп жатқан XIX Азия ойындарында Қазақстан дзюдошысы Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Нұрлыхан Шархан Оңтүстік Кореядан келген Джонхун Вонмен кездесті. Нәтижесінде, қазақ спортшысы иппон әдісімен жеңіске жетті.

Айта кетсек, бұл Азия ойындарында Қазақстаннан келген дзюдошылар үшін бесінші медаль. Татами шеберлерінің қоржынында бір күміс және төрт қола жүлде бар.