• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қыркүйек, 2023

Даудың басы – рәсімді сақтамау

245 рет
көрсетілді

Жаңа аптаның басы 25 қыркүйек күні Ресей Федерациясының Федералдық жиналысы Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин ресми сапармен Ұланбатырға келген болатын. Оны Моңғолия Парламенті – Ұлы Құрал басшысы Г.Занданшатар үкімет үйінің алдындағы Шыңғыс хан алаңында құрмет көрсетіп қарсы алған-тын.

Моңғол елінің саяси рәсімі бойынша келген құр­метті қонақ кім болсын хаттама бойынша үкімет үйі­нің алдындағы Шың­ғыс қағанның алып мү­сініне тағзым етіп, бас июге тиіс. Бірақ ресейлік мәр­тебелі қонақ Вячеслав Володин бұл рәсімді орындамады, яғни ұлы қағанның құрметіне бас имеді. Қас­қайып тұрып алды.

Бұл оқиға моңғол аға­йындарды қатты шам­дан­­дырды. Одан кейін оқиға­ның бұлайша саяси сипат алуына тағы бір себеп – Дума төрағасы қа­ладағы маршал Г.Жуков ескерткішіне барып бас иіп, ерекше тағзым етуі. Бұл істі моңғолдар «ала қойды бөле қырқу» деп қабылдады.

Дума төрағасының әре­­ке­тін әлем баспасөзі сан-сақ­қа жүгіртіп жатыр. Әсіресе Азия құрлығы­ның алпауыт бас­пасөз құ­рал­дары бірауыз­дан «Бұл мем­лекеттің іш­кі ­саясатына құр­мет көр­сет­пеу», десе, ресейлік ықпал­ды портал «Диалог UA»: «Во­ло­диннің Шыңғыс қа­ған ес­керткішіне тағзым ет­пеуі ресейлік саясаткерлер­дің әре­­кеттеріне және ел­дің сыртқы саясаты мен дип­ло­ма­тиясына нұқсан кел­тіруі мүмкін», дегенді айтып, өткен айда бұл мем­лекет­ке сапарлаған Рим Папа­сы­­ның өзі мүгедектер ар­басы­­нан тұрып, ұлы қа­ғанға құрмет көрсетіп, тағ­зым етке­нін еске салды.