• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 27 Қыркүйек, 2023

Доллар мен мұнай бағасы күрт өсті

232 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) ұсынған мәліметке сәйкес, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 5,72 теңгеге көтеріліп, 482,77 теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 65,94 теңгеге дейін өсті (+0,88).

Ұлттық банк еуро бағамын 505,27 теңге, рубльді 4,95 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 481-484 теңге, еуро 508,5-512,5 теңге, ресей рублі 4,87-5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бұдан бөлек, әлемдік мұнай бағасы да біршама көтерілді.

Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсан фьючерстерінің құны 0,80%-ға өсіп, барреліне 93,17 доллар болды.

Ал NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстері 1,15%-ға өсіп, барреліне 91,43 доллар болды.