• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қыркүйек, 2023

Азия ойындары: Жансель Дениз қола медаль алды

237 рет
көрсетілді

Қытайдағы (Ханчжоу) жазғы Азия ойындарында таэквондшы қыздар арасынан Жансель Дениз қола медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

67 келі салмақта сынға түскен спортшы жартылай финалға дейінгі қарсыластарын айқын ұтып еді. Бірақ финалдық айқасқа шығар жолда   Оңтүстік Корея спортшысы  Ли Да Биннен аса алмады.

Десе де Дениздің еншісінде жазғы Азия ойындарының қола жүлдесі бар.