Абай облысына қарасты Курчатов қаласында 64 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Атап айтқанда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 18 балаға, 6 көпбалалы отбасыға, 40 толық емес отбасыға және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жандарға жаңа пәтер кілті табысталды.
Баспаналы болғандардың арасында 78-жасар Курчатов қаласының тұрғыны 6 балалы «Алтын алқа» иегері Бахткан Муликова бар. Кейуана жақындап қалған «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында баспаналы болды.
Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиев тұрғындарды қонысымен құттықтап, алдағы уақытта да тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасатынын айтты.