• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол 23 Қаңтар, 2017

Жерар Гоу: «Қайрат» маған үлкен мүмкіндік сыйлады

9054 рет
көрсетілді

«Қайрат» сапында ойнайтын ивуар шабуылшысы Жерар Гоу Қазақстан премьер-лигасы жайлы, алдағы уақытта ұлттық құрамалардың бірінде ойнағысы келетіні жайлы uefa.com сайтына сұхбат берді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.

Жасындай жарқылдап жүрген ойыншы әйгілі клубтардың көзіне түспеуі мүмкін емес. Бірақ ол «Қайраттан» кетер ме екен?

Кей футболшылар бірнеше команда ауыстырғанмен, өзінің стиліне келетін клубты әрең жолықтырып жатады.

«26-28 жаста ойыншыларға ерекше күш бітіп, футболдың не екенін шынайы түрде сезініп жатады. Мен де дәл қазір сол жастамын. Өзімді дамыту үшін күн сайын еңбектенемін. Ал «Қайрат» маған бәрін берген команда. Бір кездері Ресейдің «Краснодарында» аздап доп теуіп үлгердім. Үздіктердің бірі екенімді дәлелдеуім үшін алаңға жиі шығуым керек. Бірақ ылғи да шет қалып жаттым. Командам жеңіске жетіп жатқанның өзінде көңілімдегі мұң сейіле қоймады. Егер мүмкіндігім көп болғанда нәтижелі форвардтың бірі болар едім», – деп еске алды.

«Тимощук Бундеслигадағы әйгілі «Бавария» командасында, ал Аршавин «Арсенал» мен Ресей құрамасында көшбасшы ойыншылардың бірі болды. Әлемдік деңгейдегі қос жігіт бізге келіп, кәсіби деңгейге көтерілуімізге септігін тигізді. «Қайрат» маған дейін де өзіндік орнын қалыптастырып қойған, ал таңдаулы легионерлер келгеннен кейін жақсара түсті. Қайрат Боранбаев (клуб басшысы) команданы дамыту үшін үлкен істер атқарып жүр», – деді ивуар ойыншысы.

«Ол алаңда бізге жөн сілтейтін жандардың бірі болатын. Футболдың қыр-сырын жетік біледі. Бұл істе де үлкен жетістіктерге жететініне сенім артамын. Әлемдік футболда үлкен белестерді бағындыруына тілектеспін!» – деді.

Алматының командасы өткен маусымда чемпиондықтан кезекті мәрте құр қалып, ел Кубогының финалында «Астанаға» жол берген.

Ивуар ойыншысы бұған дейін әріптестерінің әзілге жақын екендігін мәлімдеген.

Болашағынан зор үміт күттіретін Бауыржан Исламхан 23 жасында капитан болып үлгерді. Премьер-лиганың бірнеше рет үздік ойыншысы атанды.

«Астана» мен «Шахтер» Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнап үлгерді. Ендігі қазақ жанкүйерлері тарихы терең «Қайраттан» да осы нәтижені күтіп жүргені белгілі.

Соңғы жаңалықтар