Қазақстан спортшысы Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алып, Қазақстан қазынасын 23 медальмен толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҰОК мәліметінше, Аян Бейсенбаев 1500 метр қашықтықты жүзіп өтіп, 40 шақырымды велоспортпен және 10 шақырымды 1 сағат 52 минут 25 минутта жүгіріп бағындырды.
Бірінші болып жапониялық Кэндзи Ненер шықты – 1:50:54. «Күміс» жапониялық Макото Одакураға бұйырды – 1:51:49.
Тағы бір спортшымыз Темірлан Теміров жарысты алтыншы орынмен аяқтады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында 23 медаль бар: 3 алтын, 3 күміс және 17 қола.