• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қыркүйек, 2023

Азиада-2023: Бесінші жарыс күнінің нәтижесі

578 рет
көрсетілді

Азия ойындарының бесінші жарыс күнінде  Қазақстан командасы екі алтын, бір күміс, алты қола жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста Әсем Орынбай/Эдуард Ещенко жұбы финалда Кувейттен басым түсіп, алтыннан алқа тақты.

Нысана көздеуден Зухра Ирназарова алтын медаль алды. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы спортшымызға ешкім тең келмеді. Сонымен қоса, 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы (Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова) 2-орынға ие болып, күміс жүлде алды.

Жағажай волейболынан жұптық бәсекеде Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату қола медаль үшін матчта Иран командасын жеңді, есеп 2:0 (25:23, 30:28).

Спорттық гимнастикадан ат снарядында өнер көрсеткен 25 жастағы Нариман Құрбанов қола жүлдеге қол жеткізді, отандасымыз 15.100 ұпай жинады.

50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында Әділбек Мусин қола жүлдеге ие болды. Бұл оның Азиададағы екінші қола медалі. 27 қыркүйекте ол 100 метр қашықтықтағы осы әдіс бойынша да қола медаль алған болатын.

Таэквондодан ұлттық құраманың спортшылары Дениз Жансель (+67 кг) және Смайыл Дүйсебай (+80 кг) Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанды.

Семсерлесуден ерлер құрамасы (Мұхамедали Рахманәлі, Назарбай Саттархан, Жанат Нәбиев, Артем Саркисян) командалық жарыста қола медаль жеңіп алды.

Бокстан Асланбек Шымбергенов қытайлық қарсыласын жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.

5x5 баскетболдан Қазақстанның ерлер командасы БАӘ құрамасын 59:49 есебімен жеңді.

3x3 баскетболдан отандастарымыз Таиландтан 19:16 есебімен үздік шықты.

Үстел теннисінен Кирилл Герасименко 1/8 финалында вьетнамдық спортшыны 4-0 есебімен ұтты.

Су добынан әйелдер құрамасы Оңтүстік Корея командасын 24:4 есебімен ойсырата жеңді.

23–28 қыркүйек күндері аралығындағы жалпы қорытынды бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 3 күміс және 16 қола жүлде бар.