• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Қыркүйек, 2023

Қарағанды облысында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам көз жұмды

244 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Балапан алаңындағы оқу-жаттығу кезінде P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы сағат 07.46-да ұшып шыққаннан кейін байланысқа шықпаған.

Іздестіру жұмыстары кезінде Доскей ауылы аумағынан құлаған ұшақ пен қаза тапқан екі адам табылған.

Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу комитеті тарапынан тексеру жұмыстары басталып кетті.