• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қыркүйек, 2023

Қай өңірдің қарттары көп?

694 рет
көрсетілді

Елімізде жасы 60-тан асқан 2 616 515 адам бар. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2023 жылдың басында 60 және 60-тан асқандар саны 2 616 515 адамды құраған, бұл еліміздегі жалпы халық санының 13,2%-ы.

Оның ішінде: ерлер – 1 031 051 адам (39,4%), әйелдер – 1 585 064 адам (60,6%).

Егде адамдардың ең көп саны Алматы қаласы – 288 922 адам, Қарағанды – 200 186 адам, Түркістан – 190 160 адам және Алматы облыстарында – 177 685 адам.

2022 жылы 60 және одан жоғары жастағылар ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 308,3 мың адамды құраған.

2021 жылмен салыстырғанда былтыр зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 2,8%-ға өссе, тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері 2022 жылы 9,7%-ға артқан.