Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарында 30 қыркүйек – жарыстың жетінші күнгі жалпы нәтижесі бойынша Қазақстан командасы споршылары финалға өтті, деп жазады Egemen.kz.
Бокстан Азия ойындарының жартылай финалына өткен Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) әлем чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевты (Өзбекстан) мерзімді уақытынан бұрын жеңді. Тағы бір боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) Бахрейн боксшысы Данис Латыповты 5:0 есебімен жеңіп, Азиаданың жартылай финалына өтті.
Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан спортшылары Азия ойындарының финалында бірден 5 түрлі сайыс бойынша бақ сынайды.
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 3:0 есебінде Ауғанстаннан озық шықты.
7-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 4 күміс, 19 қола бар.