• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Қазан, 2023

Азия ойындары: Байдарка және каноэ есуден финалға 3 жолдама бар

262 рет
көрсетілді

Азия ойындарында Қазақстан спортшылары байдарка мен каноэ есуден финалға үш жолдама жеңіп алды, деп  хабарлайды Egemen.kz.

200 метр қашықтыққа каноэде есуден Мария Бровкова 52.530 уақытпен іріктеу кезеңінде 1-орынмен финалға шықты.

Анастасия Березовская 500 метр қашықтыққа байдаркада есуден 2:06.783 уақыт есебінде 2-орын алып, финалға өтті.

Байдаркада есуден ерлер арасындағы командалық сайыста Қазақстан құрамасы (Игорь Ряшенцев, Андрей Ергучев, Сергей Токарницкий, Бекарыс Раматулла) 500 метр қашықтықта 1:28.922 уақыт көрсеткішімен 3-орын алып, финалға жолдама алды.

Финал 3 қазанда өтеді.