• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қазан, 2023

Қазан айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?

448 рет
көрсетілді

Қазан айында Қазақстан халқы барлығы 10 күн демалады. Күнтізбеге сәйкес 9 күн демалыс және 1 күн мереке, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл қазанның алғашқы күні жексенбіге сәйкес келді. Сондай-ақ бүгін, 1 қазанда Халықаралық қарттар күні және Радио қызметкерлері күні.

Сонымен қатар айта кетсек, биыл Оқу-ағарту министрлігі 5 қазанды Ұстаздар күні етіп бекітті.

1 қазан және 5 қазан күндері мерекелерінде демалыс жарияланбаған.

Еліміздегі басты мерекелердің бірі – 25 қазан Республика күні. Биыл айтулы мереке жұмыс күніне түсіп тұрғандықтан Қазақстан халқы сәрсенбі күні демалады. Еске сала кетсек, Республика күні былтыр тізімге қайта енгізіліп, ұлттық мереке дәрежесі берілген еді.