• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Қазан, 2023

Азиада–2023: Волейболдан қыздар құрамасы плей–оффқа шықты

384 рет
көрсетілді

XIX жазғы Азия ойындарында волейболдан Қазақстан қыздар құрамасы плей–оффқа шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан қыздар командасы топтық кезеңнің екінші ойынында Гонконгты 3:0 (25:13, 25:12, 25:15) есеп көрсеткішінде тізе бүктіріп, 1/4 финалына өтті.

Волейболшыларымыз топтағы көшбасшы орын үшін ертең Жапониямен шеберлік шайқасына шығады.