• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Қазан, 2023

Ескекшілер Азия ойындарының чемпионы атанды

507 рет
көрсетілді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан  ХІХ жазғы Азия ойындарында  байдарка мен каноэда есуден Хайдаров Тимур мен Емельянов Сергей 500 метр қашықтықта чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов каноэдан жұптық сайыста қарсыластарынан қара үзіп,  көмбеге алдымен жетті. Күміс медаль Жапония спортшыларына, қола жүлде Иран ескекшілеріне бұйырды.