• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Байқау 02 Қазан, 2023

Дәстүрлі әншілер додасы

384 рет
көрсетілді

Көкшетауда Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығы мен Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған «Арқаның ән дариясы» респуб­ликалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті.

Кербез Көкше топырағын­да дүние­ге келіп, өнер өрісінің қазақ даласында өркен жаюына өлшеусіз үлес қос­қан тұ­ғыры биік, рухы өршіл Арқа өңі­рінің ақиық дүлдүлдері – Ақан сері Қорамсаұлы мен Иманжүсіп Құтпан­ұлының шы­ғармаларын халыққа кеңі­­нен насихаттау мақ­сатында ұйымдас­тырылған байқауға еліміздің әр өңірінен 12 ән­ші қатысып, бақ сынады.

Байқауға Біржан сал атын­дағы му­зыка колледжінің дирек­торы, «Мә­­дениет сала­сы­ның үздігі» Саян Мұха­ме­дияр (қазылар алқасының төр­­­ағасы), Қазақстанның еңбек сіңір­ген әртісі, дәс­түрлі әнші Бисара Мәкен­қызы, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, Өнер уни­вер­ситетінің доценті, дәс­түрлі әнші Тол­ғанбай Сем­баев, Мәлік Ғабдуллин му­зе­йі­нің директоры, «Мәдениет саласы­ның үздігі», дәстүрлі әнші Кен­же­бай Мұқышев, Ақмола облыстық халық шы­­ғармашылығы және мә­де­ни де­малыс орталығы дирек­то­рының мін­де­тін атқарушы Асхат Мағауин қазы­лық етті.

Өнерлі доданың қоры­тын­дысы бо­йынша ІІI дәре­желі диплом және 300 мың теңге ақшалай сыйлықпен ақ­молалық әнші Диана Алтай­қызы, қызылордалық Нұртілек Ақтаев марапатталды. ІІ орын мен 500 мың теңге ақшалай сертификат көкшетаулық Төле­ген Амановқа бұйырды. Ал Алматы об­лы­сының өкілі Ідірбай Байбақты І дә­ре­желі дипломға және 800 мың теңге ақ­ша­лай сыйлыққа ие болды.

«Арқаның ән дариясы» рес­пуб­лика­лық дәстүрлі ән­ші­лер байқауында үздік өнер көр­се­тіп, орындаушылық ше­берлігін та­нытқаны үшін бас жүлде – 1 млн теңгенің ақшалай сертификатына және ұйымдастыру алқасының дипломына Абай облы­сынан келген әнші Таңат Мұ­қы­шев лайық деп танылды.

Сонымен бірге бірқатар әншіге ұйымдастыру ал­қасының дипломы мен 100 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.