• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Қазан, 2023

Рината Сұлтанова қола жүлде иеленді

208 рет
көрсетілді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына кезекті  жүлде түсті. Велоспорттан Рината Сұлтанова жекелей сайыста қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Велоспорттан тасжолдағы  жекелей жарыста  қола жүлдеге қол жеткізген Ринатаның бұл жазғы Азия ойындарындағы алғашқы  табысы. 24 жастағы спортшы бұған дейін Азия чемпионатында екі мәрте жеңімпаз атанды.