• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қазан, 2023

Түркітілдес халықтар руханиятының мәселесі талқыланады

380 рет
көрсетілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы  «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы «Түркі тілдес халықтар руханиятының тарихи-мәдени деректері (ХІХ ғ. – ХХ ғ. басы)» тақырыбында республикалық ғылыми семинар өткізеді,  деп хабарлайды Egemen.kz ғылыми орталыққа сілтеме жасап.

5 қазан күні өтетін ғылыми семинарда түркі тілдес халықтар руханиятының тарихы мен мәдениетіне қатысты сирек кітаптар мен қолжазбаларды, архив деректерін сақтау, зерттеу мәселесіне қатысты ғалымдар мен зерттеушілердің ой-пікірі талқыланады.

Ғылыми семинарға  Мәдениет және ақпарат министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының, Ұлттық кітапханасы сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің,  Ұлттық Академиялық кітапханасы сирек кітаптар мен қолжазбалар секторының, «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» КеАҚ Ғылыми кітапханасының сирек  кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің мамандары, ғалымдар мен зерттеушілер қатысады.