Ханчжоудағы Азия ойындарында 3 қазан күні Қазақстан спортшылары бір алтын, үш күміс, бес қола, барлығы тоғыз медаль жеңіп алды және бір боксшымыз финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Велошабандоз Алексей Луценко жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды. Ол Қытай мен Гонконг спортшыларынан озып, 39,7 км қашықтықты 48:05.75-те жүріп өтті. Бұл А.Луценконың спорттық мансабындағы Азия ойындарының 4-ші медалі.
Данил Мұсабаев батуттық гимнастикада Азиаданың күміс жүлдегері атанды. Қазақстан құрамасына тағы 2 күміс медальді байдарка мен каноэде ескек есушілер әкелді: олар Тимофей мен Сергей Емельяновтар 1000 м каноэде есу, сондай-ақ Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева 200 м каноэде есу.
Қола медаль жеңіп алғандар:
Рината Сұлтанова – тасжолдағы веложарыс (жекелей жарыс);
Надежда Дубовицкая - биіктікке секіру;
Каролин Чепкоеч Кипкируи - 5000 м жүгіру; Мария Бровкова - байдарка мен каноэде есу (WС1, 200 м); Асланбек Шымбергенов - бокс (71 кг).
Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев +92 келі салмақ дәрежесінде Үндістаннан келген қарсыласын жеңіп, финалға шықты.
10-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 10 күміс және 32 қола жүлде бар.