• RUB:
    4.9
  • USD:
    441.79
  • EUR:
    478.77
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Қазан, 2023

Мейіржан Шермағанбет Азия ойындарында күміс медаль иеленді

248 рет
көрсетілді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен 67 келі салмақта күрескен жерлесіміз Мейіржан Шермағанбет финалда сүрініп, күміс медальді місе тұтты, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Мейіржан жазғы Азия ойындарының алтын медалі үшін белдесуде жастар арасында әлем чемпионы деген атағы бар жапон балуаны Кацуаки Эндоға есе жіберді.

Былтыр Сербияда өткен әлем чемпионатында алған жарақатынан құлан таза айықпаған Мейіржанға ашылып күресуге сырқаты қайта сыр беріп, кедергі келтірді. Тіпті төрттағанда Эндоны екі рет іліп алған, бірақ лақтыруға күші жетпеді.

Жапон балуаны 3:4 есебімен ұтып, Азия ойындарының «алтынын» олжалады.