• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 04 Қазан, 2023

Доллар бағамы төмендеді

244 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) ұсынған мәліметке сәйкес, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,60 теңгеге төмендеп, 476,59 теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк еуро бағамын 500,25 теңге, рубльді 4,81 теңге деп белгіледі.     Ақша айырбастау орындарында доллар 477,2 - 470,8 теңге, еуро 498,5 - 501,5 теңге, ресей рублі 4,75 - 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.   Айта кетсек, бүгінгі саудада Brent маркалы мұнай бағасы да төмендеді. Мәселен, Лондондық ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны Астана уақытымен 20:55-те барреліне 90,41 доллар болды, бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы көрсеткіштен 0,33%-ға төмен. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI мұнай фьючерстерінің қарашадағы бағасы 0,02%-ға өсіп, барреліне 88,84 доллар болды.