Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы Жолдауында инфрақұрылымды жаңғыртпай жаңа экономикалық модельді жүзеге асыру мүмкін еместігін атап өткен болатын. Өткен жылы еліміздегі жылу электр стансалары мен жылу желілеріндегі инфрақұрылымдық апаттар энергетикалық жүйеге қаншалықты тәуелді екенін көрсетті. Энергетика саласында әлі де болса жүйелі түрде шешімін таппай отырған мәселелер баршылық. Осыған орай Президент энергетикалық қауіпсіздік мәселесін шешуге айрықша тоқталды.
Мамандар энергетикалық қауіпсіздік – кез келген елдің негізі және маңызды мәселесі екенін, өйткені ол экономикалық тұрақтылыққа, ұлттық қауіпсіздік пен халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететінін айтады.
Сонымен қатар Жолдауда энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізуді және 2029 жылға қарай энергияны тұтыну мен энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15%-ға азаюға тиіс екені аталған.
Ақпарат көздеріне қарағанда, біздің экономика әлемдегі энергияны ең көп қажет ететін экономикалардың бірі әрі төменнен есептегенде 8-орында тұрған көрінеді.
Энергия тұтынудың төмендеуі бастапқы мақсатта 10% деңгейде белгіленгенімен, барлық өндірілетін электр энергиясының 88%-ын құрап отырған тау-кен өндіру, мұнай-газ, химия өнеркәсібі және металлургия өнеркәсібі сияқты салалардан соң (ішкі электр энергиясын тұтынуда барлық өнеркәсіптің үлесі 51%, халық саны – 22%) қолданыстағы энергия үнемдеу мен оның тиімділігін арттыру бағдарламасы төмен тарифтерге байланысты іске аспай қалған.
Бұл ретте «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры, елімізге еңбегі сіңген энергетик Жақып Хайрушев: «Жалпы, энергетика саласындағы өндіріс, тасымалдау, тұтынушылар үшін түпкілікті тариф, жабдықтардың тозуы, электр қуатының тапшылығы, жеке сала ретінде жылу және жылу энергетикасы туралы заңның жоқтығы, энергияны үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру мен ESCO, өнеркәсіпті цифрландыру, BAT, RES жаңа технологиялары, сонымен қатар сала мамандарының еңбекақысы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басты мәселеге айналып отыр. Энергетикалық қауіпсіздікке әртүрлі әдіспен, ең алдымен, энергия көздерін әртараптандыру шараларын қабылдау арқылы қол жеткізіледі. Жасыратыны жоқ, біздің экономикамыз 70%-ға дерлік көмірмен жұмыс істегендіктен, энергетикалық құрылымды әртараптандыру арқылы біз бір қуат көзіне тәуелділікті азайта аламыз.
Мемлекет басшысы атап өткендей, «жаңартылатын энергия көздері мен су электр энергетикасы жобаларын іске асыруды жалғастыру қажет. Мен бұл жерге атом энергиясын да қосар едім. Сонымен бірге Су электр стансасын әзірлеу кезінде жинақтау жүйесін дамыту аса маңызды. Тарифтерге байланысты салаға шетелдік инвестициялардың тартылуы біздегі орын алған олқылықтарға, табиғи апаттарға, кибершабуылдарға және басқа да қауіп-қатерлерге сыни тұрғыда төтеп беруімізге әкелді. Әрине, энергиямен қамтамасыз етудің сенімсіздігін ескере отырып, көршілерімізбен жақсы халықаралық ынтымақтастықты сақтау керек», дейді.
Ол сонымен қатар энергетика саласын дамытудағы басты мәселе инвестициялық жобаларды іске асыруға және энергетикалық нысандарды жаңғырту жұмыстарына бақылаудың жетілдірілмегенін, Энергетика министрлігі алдағы жылдары бюджеті 7 трлн теңгеден асатын 11-ден 14 ГВт-қа дейінгі қуаттылықты енгізуді жоспарлап отырғанын, осыған байланысты аталған қаражаттың жөнімен жұмсалуын және «Атамекен» ҰКП АЭС бойынша да аталған министрлікпен бірыңғай мониторинг жүйесін құруға ниеттеніп жатқанын жеткізді.
Мұндай цифрлық жүйе энергетикалық нысандардың пайдалану қызметін жақсартып, нақты уақыт тәртібінде жаңғыруы мен қуаттылығы жоғары өндіріс орнын салуда тиімділігін байқатты. Таяуда Энергетика министрлігі жанындағы Ситуациялық талдау орталығының негізінде жаңартылған жүйені көрсетеміз, деп отыр.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан Еуропалық экономикалық қауымдастық профицитке ие болып, көршілес елдерге энергия жүйелеріне электр энергиясын экспорттаған. Сол кезде еліміз электр энергиясы нарығында энергия өндіруші ұйымдардың көрші мемлекеттерге электр энергиясын экспорттауын ұлғайту үшін алғышарттар жасады. Бұл ретте электр энергиясына деген ішкі сұраныс толығымен қанағаттандырылып, тұтыну көлемі жылына 90-92 млрд кВт/сағ деңгейінде болған.
2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім мен энергетика саласын дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесі жалпы генерацияның 15%-на дейін ұлғайту жоспарланған.
Бүгінгі таңда энергия балансындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 4%-дан сәл ғана асады екен.
«Негізінен энергияны бөлу өткен ғасырдың дәстүрлі энергетикалық жүйесінен жаңа ғасырдың жаңа технологиялары мен тәжірибесіне байланысты энергия ауысуының басты элементі қалыптасты. «Энергияға көшу» тұтынушылардың өздерін де ресурстардың барлық түрін белсенді түрде тарта отырып, энергия және сумен жабдықтау жүйелерін орталықсыздандыру, цифрландыру, зияткерлік негізінде жүзеге асып, энергия ресурстарының тиімділігін арттыру әрі төмендетумен сипатталды.
Мемлекет басшысының тарифтік саясатты қайта бастауы, тарифтерді белгілеудің жаңа әдістерін енгізу және монополистердің жауапкершілігін жоғарылату жөніндегі мәлімдемесінде, Қазақстандағы табиғи монополиялар субъектілері үшін қолданыстағы тарифтерді белгілеу жүйесі оның дамуын тежеп қана қоймай, бүкіл салаға қауіп төндіретінін айтып өткен жөн. Осыған байланысты инвестициялар қажетті көлемде жүргізілмей, инновациялық әзірлемелер енгізілмей отыр», дейді Ж.Ғалиұлы.
Тарифтерді белгілеудің қазіргі әдістемесі негізінен халық үшін өте төмен болғанымен, бюджеттік ұйымдар мен бизнес үшін негізсіз жоғары қалыпта. Мемлекет табиғи монополиялар субъектілеріне, оның ішінде генерациялау нысандарына тарифті 10 жыл бұрын алдын ала белгілеп, артықшылықты қоса қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сол арқылы инвесторға дивидендтерді қашан алатыны туралы нақты түсінік беретін ынталандырушы тарифтік реттеу енгізіп, сәйкессіздікті жою мақсатында бірыңғай реттеуші орган құратын болды.
Статистикаға көз жүгіртсек, экономикадағы жоғары энергия сыйымдылығының негізгі себептері мен оны төмендету әлеуеті айқындалып, солтүстік елдермен салыстырғанда еліміздің жылумен жабдықтау жүйесінде жылытылатын аумақтың бір шаршы метріне энергия тұтыну төрт есе жоғары екен.
Мемлекет басшысының Жолдауындағы «Ірі өнеркәсіптік өндіріс бес жыл сайын технологиялық және экологиялық аудиттен өтуге тиіс. Бұл жағдай инфрақұрылымдық кәсіпорындарға да қатысты», дегені бұл энергоаудиттердің қамтылуын ұлғайту мен сапасын арттыру үшін өлшеу құралдарына тиісті бағдарлама керегін білдіреді.
Сонымен қатар отын-энергетика кешенінің өзімен шектеліп қала алмайтынымыз тағы бар. Энергия тиімділігі барлық тұтынушыны – өнеркәсіп, үй шаруашылығы, бюджеттік ұйымдар мен ауыл шаруашылығы, жылжымайтын мүлік және басқаларды энергиямен қамтамасыз ету керек. Экономиканы энергетикалық ресурстар арқылы қажеттілікті қанағаттандыруда оларды өндіру мен тұтыну мәселесін шешіп, электр энергиясы мен жүйелік қызмет көрсету нарығындағы тұтынушылардың рөлін күшейту, электр энергетикасы саласындағы көтерме және бөлшек сауда нарықтарының бәсекеге қабілетті үлгілерін, нарықтық тепе-теңдікті қалыптастыру кезінде жеткізушілер мен тұтынушылардың тең құқықтарын қамтамасыз ете отырып, нарықтық тетіктерді дамыту қажеттігін жеткізді маман.
Сонымен қатар болашақтағы атом электр стансасын салу жөніндегі референдум туралы ойын білдірген Жақып Ғалиұлы: «Мемлекет басшысының Қазақстанға «таза» ядролық электр энергиясына байланысты АЭС салынбай, бүкіл ел экономикасы құлдырауы мүмкін. Қазақстан 2060 жылға қарай көміртекті бейтарап елге айналуға міндеттеме алды, ал атом энергиясы бейбіт және таза энергия көзі ретінде кеңінен танылды. Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың 60%-дан астамы көмірді негізгі отын ретінде пайдаланады және түтін газдарын тазарту жүйесі орнатылмаған бұл электр стансаларының пайдалану мерзімі 50 жылдан асып кеткен», дейді.
Жалпы, әлемде бейбіт атомды пайдалану қарқындылықпен дамып келеді. Бүгінде ядролық энергетика – жаһандық энергетиканың ең маңызды әрі қосалқы секторы. Бұл саланың электр энергиясын өндіруге елеулі үлес қосып отырғанын, көмір мен су энергетикасынан кейінгі үшінші орында тұрғанын айтуға болады. Айтпақшы, атом электр стансасы өндіретін электр энергиясының құны басқа электр стансалары өндіретін энергиямен айтарлықтай бәсекелес екенін де ескеруіміз керек.