Бүгін Азия ойындарында Қазақстанның каратэ және джиу-джитсу шеберлері сайыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін, ел құрамасынан Нұрқанат Әжіқанов алғашқы жекпе-жегінде непалдық қарсыласымен бәсекеге түседі. Ал Лаура Әліқұл жартылай финалда сайысқа түседі.
Сондай-ақ джиу-джитсу спортынан Алдияр Серік, Мансұр Хабибулла, Дархан Нортаев, Нұржан Батырбеков, Назгүл Рахаева, Әсемхан Исаханова Азиададағы бастапқы кезеңдердегі сайыстарын өткізеді.
Оған қоса грек-рим күресінен Ислам Умаев пен Әлімхан Сыздықов ширек финал жолдамасын сарапқа салады.
Әйелдер күресінен Светлана Анкичева, Марина Седнева және Эмма Тисина боз кілемге щығады.
Айта кетсек, бүгін бокстан ерлер мен әйелдер арасында бәсекелер болады. Ел құрамасынан Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) және Карина Ибрагимова (57 келі) финалда ойын көрсетеді.
Қазақстан велошабандоздары Алексей Луценко, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Глеб Брусенский топтық сайыста сыналады.
Қазақстан спортшылары есу слаломында сайысқа түссе, гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 3-орын үшін Қытаймен ойнайды.
Бүгін жеңіл атлетика бағдарламасы аяқталады.
Ел құрамасында 5 алтын, 11 күміс, 35 қола, барлығы 51 медаль бар. Қазақстан медальдар кестесінде 13-орында тұр.