Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каратэден Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
75 келі салмақта Азия ойындарына қатысқан Нұрқанат қарсыластарының барлығын айқын ұтып, финалдық айқаста Иордания өкілі Хасан Масарвені де жеңді.
8:0 есебі тіркелген жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.
Айта кетсек, Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді түсті.