Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәмила жартылай финалда үндістандық Киран есімді балуанға қарсы белдеседі. Қазақ спортының тарихында қыздар арасында әлем чемпионатының үш дүркін (2 күміс, 1 қола) жүлдегері атанған әзірге жалғыз балуан осы Жәмила Бақбергенова. Азияның үш мәрте чемпионы Жәмиланың еншісінде жазғы Азия ойындарының алтыны жоқ. Сол жоқты бүтіндеу үшін балуан қыз барын салуы тиіс.